Биыл 12 сәуірде «Мраморное» асуы маңында топырақ көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жол опырылып түскен еді.
«AMANAT» депутаты опырылған жолды қалпына келтіру ісіне атсалысты
291
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев су тасқынының алдын алу мақсатында аумақты әуеден бақылау барысында Марқакөл ауданына қарасты «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» тасжолының 13 шақырымын қайта қалпына келтіру жұмысымен танысты. 

«Биыл 12 сәуірде «Мраморное» асуы маңында топырақ көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жол опырылып түскен еді. Тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған жол бөлігі жабылып, жедел қайта қалпына келтіру жұмысы басталды. Аймақ басшысы жол жөндеу жұмысының барысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді. Жол жөндеуге қажет техникаларды тарта отырып, тасжолды жедел қалпына келтірдік. Жағдайды жіті бақылауда ұстаудамыз», – деді облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанболат Қазанов.

Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жол қызметінің арнайы мамандары топырақтағы ылғал көлемін есептеп, өзге аумақтарда осындай жағдай қайталанбас үшін қадағалау жүргізуде.