Қазірдің өзінде көршілес облыстарға 73 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді.
Павлодарлықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп жатыр
269
оқылды

Павлодарлықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмектесуді жалғастыруда.

Қазірдің өзінде көршілес облыстарға 73 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді.

«Біздің жерлес павлодарлықтар жұдырықтай жұмылып, көлікке тиеп, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Ең бастысы павлодарлықтар бір мақсатқа – жерлестерімізге көмек көрсетуге бірікті. Осы сәтте күш біріктіріп, бір-бірімізді қолдауымыз керек. Партиялықтар болсын, үкіметтік емес ұйымдар болсын – бәрі бір іске жұмылған. Баршаңызға рақмет», – деді «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко.