Аудандық ауруханаға 1987 жылғы 4 адам түрлі дене жарақатымен жеткізілді.
Атырау облысында пышақталған 4 адамның біреуі ауруханада көз жұмды
Фото: ortcom.kz
4,985
оқылды

Атырау облысында 4 адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, оның біреуі ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 15 сәуірде болған.

«Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына 2 адамның жанжалдасып тұрғаны туралы хабар түсті. Аудандық ауруханаға 1987 жылғы 4 адам түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Төртеуі де – аталған ауданның тұрғындары. Зардап шеккен адамның біреуі дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 2003 жылғы жігіт анықталған. 

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп отыр. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.