Тараптар алдағы уақытта бірге жобалар ұйымдастыруға уағдаласты.
«Жастар рухы» Қырғыз Республикасы «Жастар Парламенті» өкілдерімен кездесу өткізді
395
оқылды

2024 жылғы 12 сәуірінде Наурызбай Жастар комьюнити орталығында «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты мен Қырғыз Республикасының «Жастар Парламенті» өкілдері арасында кездесу өтті.

Кездесу қонақтары Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Есматов Серік, «Сөйле» тілдесу клубының оқытушысы Ульченко Анастасия, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдар Күнтубай болды.

Жиын барысында екі елдің көшбасшылары жастар саласының ынтымақтастығы мен дамуына қатысты жаңа жобалармен таныстырылып, маңызды мәселелер талқыланды.

Алдағы уақытта Қырғыз Республикасы «Жастар Парламентімен» бірге жобаларды ұйымдастыруға келісім жүргізіліп, өзара ынтымақтастыққа уәделесті.