5 облыстағы 11 республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысы шектелді

Республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмыс істеп жатыр.

"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

15 сәуір күнгі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты 3 облыста жалпы ұзындығы 5280 метр 9 учаскеде еріген судың жол жиегінен шығып кету оқиғалары тіркелген (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы).

"Еліміздің 5 облысында (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы) ұзындығы 421 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 11 жолда көлік қозғалысы шектелді", – делінген мәліметте.

Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмыс істеп жатыр.