Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңілгені үшін сын айтып жатқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жеңілсем де, өзге елден көп ақша алып келдім. Енді көпбалалы аналарға, жетімдерге, науқастар мен су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесе аламын. Мен жай ғана алаңда ары-бері жүгіру үшін халықтың соңғы дүниесін алмаймын, керісінше беремін! Сондықтан хейтерлердің пікіріне түкіргенім бар", - деді Қуат Хамитов.
Еске салайық, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкоға қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңілген болатын. Спортшы 84 кг салмақта жұдырықтасу қиын болғанын мойындаған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.