Атбасар қаласында су тасқынымен күрес жұмыстары жалғасуда

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласында Жамбыл облысының құтқарушылары тәулік бойы еріген суды бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Су тасқынымен күрес жұмыстары барысында Самарка ауылында 45 жергілікті тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз орындарға эвакуацияланды. 

Сонымен қатар ауылдың орта мектебін апаттан қорғау үшін 1500 данадан астам қапшық төсеу жұмыстары жүргізілді.