Бүгін ауа райы қандай болады?
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 15 сәуірге арналған ауа райы болжамы
5,443
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты бүгін де елдің көп бөлігінде күн жаңбырлы болады.

Республиканың оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Ел аумағы бойынша найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.