Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының бірінші толқыны аяқталды

Таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының бірінші толқыны аяқталды. Алайда өңірдің таулы аумақтарындағы қар жамылғысының, ондағы ылғал қорының жоғары көрсеткішін, ауа температурасын және жауын-шашын болжамын ескерсек, сәуір айының ортасына қарай су тасқынының толқыны болуы қаупі бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Әсіресе, таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

«Бүгінде аймақта қар жамылғысының көлемі 48%. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Аймақтағы 132 гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген», – деді ШҚО әкімдігінің ресми өкілі Елжан Қайрқанов ОКҚ алаңында өткен брифингіде.