Жанна Мамажанова Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты.

Қазақстан құрамасының лицензия саны 32-ге жетті. Ұлттық құрама спортшысы Жанна Мамажанова Роттердамдағы марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді.

Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты. Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.