Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі әдетте жазық өзендерден кейін өтеді.
«Қазгидромет» үш өңірде су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді
Фото: ТЖМ
2,455
оқылды

«Қазгидромет» үш өңірде су тасқынының екінші толқыны болу қаупі бар екенін мәлім етті. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде ведомство баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Маманның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ақмола облысының аумағындағы салалар бойынша Есіл өзені бойынша судың түсуі есебінен (Жабай, Қалқұтан және т. б.); Батыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен; Атырау облысының аумағында Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен су тасқынының екінші толқынының жүру қаупі бар. 

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі әдетте жазық өзендерден кейін өтеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны шыңдары өтіп жатыр. Бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасып жатыр», – деді Алина Исмагулова.