Синоптиктердің мәліметінше, 13-19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Қазақстанда келесі аптада жаңбыр жауып, 30 градусқа дейін жылынады – Қазгидромет
11,305
оқылды

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

14-15 сәуірде Ұлытау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Қарағанды облысында, 14-17 сәуірде Қостанай облысында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16-19 сәуір Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр соңы қарға ұласады деп болжануда. 

13-14, 16 сәуірде Түркістан облысында, 14-16 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарында, 16 сәуірде Жетісу облысында жаңбыр болады. 

Жауын-шашын еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде 17 сәуірден бастап, республиканың солтүстігінде 19 сәуірден бастап тоқтайды. Еліміздің батысында түнде 10-18 градусқа дейін, күндіз 23-30 градусқа дейін жылынады. Ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 5-12 градусқа дейін, күндіз 18-25 градусқа дейін жылынады.  

Орталықта, шығыста түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін жылы болады. Сондай-ақ оңтүстікте түнде 8-17 градусқа дейін, күндіз 22-30 градус жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 5-12 жылы, күндіз 18-25 градусқа дейін жылынып, температура жоғарылайды.