Гидрологиялық мониторинг дерегіне сүйенсек, бүгін де БҚО-дағы өзендердің деңгейі көтерілген.
Бүгін Жайықтың деңгейі қаншаға көтерілді?
istockphoto.com
3,346
оқылды

Жайық өзені бүгін де біртіндеп көтеріліп, айтарлықтай қауіп төндіріп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылғы 12 сәуір, сағат 08:00

Соңғы бір тәулік ішінде БҚО-дағы Жайық өзені деңгейінің өзгерісі:

Ресеймен шекарадағы Январцев ауылы тұсында +13 см;

Орал қаласында +8 см

Көшім ауылы тұсында +14 см

Тайпақ ауылы тұсында +15 см-ге көтерілген.

Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 7 метрден 36 см асты. Қауіпті деңгей 850 см.