Әлеуметтік желіге тараған видеода Атырау вокзалында тұрған көп адамды көруге болады.
Атырау халқы жаппай көшіп жатқаны рас па?
Фото: instagram.com/atyrauoil.official
1,271
оқылды

Әлеуметтік желіде Атырау тұрғындары жаппай көшіп жатқаны жайлы ақпарат тарады. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіге тараған видеода Атырау вокзалында тұрған көп адамды көруге болады.

«Бейне авторы жергілікті тұрғындарды шатастырып, қала тұрғындарының жаппай кетіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратып отыр. Кеше, 10 сәуірде вокзалға бірден төрт пойыз келді: Құлсары қаласынан вахталық жұмысшыларды алып келген пойыз; Атырау-Құлсары бағытындағы бес вагоннан тұратын тегін пойыз; Ақкөл (Құрманғазы ауданы); Алматыға дейінгі пойыздар», – делінген хабарламада.

Пойыздар жүріп кеткеннен кейін, вокзалда жолаушылар да қалмаған.

«Қазір вокзалда дүрбелең жоқ. Қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды және тек тексерілген фактілерге сенуді сұраймыз», – деді жедел штабтан.