Қала әкімдігі бірнеше шағынаудандарға су жеткізіліп жатқанын хабарлады.
Сергеев су қоймасындағы жағдайға байланысты Көкшетау сусыз қалды
249
оқылды

Көкшетауды сумен қамтамасыз ететін Сергеев су қоймасындағы жағдайға байланысты қалада бірнеше шағынаудан сусыз қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  порталының тілшісі. 

Су тасқынының салдарынан аталған су қоймасынан келетін судың жеткіліксіздігінен әрі қысымның тым әлсіз болуына байланысты шаһарда мыңдаған абонент сусыз қалған.

Қала әкімдігі бірнеше шағынаудандарға су жеткізіліп жатқанын хабарлады. 

«Қала  тұтастай сусыз қалды деп айтуға болмайды. Жоғары қабаттарға судың қысымы төмен болғандықтан, су жетпей қалып жатқаны рас. Сумен жабдықтау жүйесі Сергеев су қоймасынан сумен жабдықтау толықтай берілген кезде қалпына келмек. Қазіргі уақытта Жайлау шағынауданында су болмай тұр. Сондай-ақ Сарыарқа шағынауданында су сорғысының дұрыс болмауына байланысты уақытша су жоқ. Қазіргі уақыта Бірлік, Застанционный, Кірпіш зауыты мен бірнеше әлеуметтік нысандарға су жеткізіліп жатыр», – деді Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі Махаббат Самрат. 

Қалада су жүйесі қашан толықтай қалпына келтірілетіні әзірге беймәлім. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы