Әртіс қарғын суға қарсы күресте алдыңғы қатарда жүрген жауынгерлерге қажымас еңбегі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс айтты.
«Димашты көріп шаршағанымыз басылып қалды»: Құтқарушы әсерлі видео жариялады
Фото: видеодан кадр
9,780
оқылды

Белгілі қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті. 

Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбегі үшін алғысын білдірді. 

Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.

Әнші сонымен қатар Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан Қарулы күштердің 99116 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті.  

Әртіс қарғын суға қарсы күресте алдыңғы қатарда жүрген жауынгерлерге қажымас еңбегі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс айтты.

Су тасқынының салдарымен күрескен азаматтармен әнші суретке түскен. 

«Димаш құрдасым келіп қалды. Сені көріп шаршағаным, белімнің ауырғаны басылып қалды. Саған Алла разы болсын!», – дейді құлсарылықтардың бірі.

Димаш оған жауап беріп, рақмет айтады. 

«Ел аман, жұрт тыныш болсын. Бүкіл қайғылы күндер осымен кетсін», – дейді әнші.