Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Қар, тұман, көктайғақ: 11 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: stan.kz
1,585
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 11 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады: жаңбыр, солтүстікте, шығыста, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.