Бүгін, яғни 10 сәуірде таңертең Ирикла су қоймасында су жіберу көлемі секундына 1342 текше метрге жетті.
Жайық жағдайы: Ирикла су қоймасынан қанша су жіберіліп жатыр?
gov.kz
316
оқылды

Бұл туралы Орынбордағы ақпараттық сайттарда және «Қазсушардың» ресми мәліметінде жазылды.

10 сәуір, 2024 жыл, сағат 08:00-дегі Жайықтың жағдайы

Соңғы бір тәулік ішінде БҚО-дағы Жайық өзені деңгейінің өзгерісі:

Ресеймен шекарадағы Январцев ауылы тұсында - 1 см төмен түскен;

Орал қаласында - +8 см

Көшім ауылы тұсында - +22

Тайпақ ауылы тұсында - +17 см-ге көтерілген.

Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 7 метрден 18 см асты.

Ал Орск қаласының басшысы Василий Козупицаның хабарлауынша, 10 сәуірде таңертең Ириклин су қоймасынан жіберіліп жатқан су көлемі секундына 1342 текше метрді құраған. Яғни бұл кешегі күнмен салыстырғанда, 259 текше метрге қысқарғанын көрсетіп отыр.

«Қазсушардың» мәліметінше, Жайық өзені бір тәулікте 8 см қосып, сағат 08:00 718 см құрады, қауіпті деңгей 850 см құрайды. 

❗️Жалпы су тасқыны басталғалы бері өзен деңгейі жалпы 6 метрге көтерілді. 

Бүгінгі таңда Жайық өзеніндегі су деңгейі жергілікті ағынның және орта ағысында орналасқан өзендердің суынан көтерілді. 

⚡️Сәуір айының екінші жартысында Сақмара өзенінің және Ирикла су қоймасынан тасталған судың есебінен Жайықтың көтерілуі күтіліп отыр.

Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына 106 текше метр шығынымен су түсіп жатыр. 

Қазіргі таңда су қоймаларына су жиналған. Ал 8 сәуірден бастап көлтабандармен мен табиғи шабындықтарға су беру басталды.