Әнді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Тирандар жар болмайды»: айтыскерлер зорлық көрген әйелдерге арнап ән шығарды
Фото: khabar.kz
3,094
оқылды

Белгілі айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдерге арнап ән шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Үйлерді құлатып жатқан тасқын суға тосқауыл қоямыз деп сыртта жүрсек те, шаңырақты құлатып жүрген еркектерге ой салсақ деп, осы тақырыпқа да тоқталдық», – деп жазды айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

«Қалай бұл?

Көп үйде қатыгез ағай жүр.

Күйеуі ұрғанға,

Көніп жүр қанша әйел талай жыл.

О маймыл, о маймыл,

Маймылдар жер басып қалай жүр.

Тағдыры жауызға тап болып,

Тапталды ғой талай гүл.

Әйелді адам санамайды,

Ессіздер жанын жаралайды.

Дені сау адам сабамайды,

Үйдегі аруды.

Сүйген жар жау болмайды,

Тирандар жар болмайды.

Әйелдер армандайды –

Тыныштық табуды.

Шын еркек ел қорғайды

Әйелі қор болмайды.

Жарына қолданбайды

Жауға атар қаруды.

Жақсыда жаттық болар ма,

Жаманға көңілің толар ма?!

Ақ келін болып аттандың,

Ақ кебінменен оралма!", – деп жырлады айтыскер ақындар.