Табылған мәйіт іздеуде жүрген екі адамның ешқайсысына да тиесілі емес.
Құлсарыға барған құтқарушылар күтпеген жағдайға тап болды
Фото: azh.kz
18,040
оқылды

Құлсары қаласындағы «Рамазан» дүкенінің жанынан Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері ер адамның денесін тапты. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазды.

Белгілі болғандай, мәйітті қала сыртында орналасқан зираттардың бірінен су ағыны алып кеткен. Қазіргі уақытта зираттар (олардың саны – екеу) су астында қалды.

Табылған мәйіт іздеуде жүрген екі адамның ешқайсысына да тиесілі емес. Іздеу төрт күннен бері жалғасып жатыр.