Бұл шара «АMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асты.
Павлодар облысында 95 пәтер қауіпсіздік торларымен жабдықталды
546
оқылды

Павлодар облысында депутат Болат Сүлейменовтің 2023 жылы ұсынған бастамасы нәтижесінде 95 пәтер (313 балаға арналған) қауіпсіз терезе торларымен жабдықталды.

Жаз мезгілі жақындаған сайын барлық тұрғын үйде қауіпсіз терезе торларын орнатудың маңызы арта түседі.

Депутаттар «АMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында отбасы қауіпсіздігіне көңіл бөлініп отырғанын айтты.

Депутаттар бұл бастаманы Екібастұз қаласы мәслихатының төрағасы Нияз Макраевқа, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Сәдуақасовқа және басқа да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына жолдады.