Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды
421
оқылды

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді ТЖ жою басшысы етіп тағайындаймын», – делінген аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновтің шешімінде.

8 сәуірге қараған түні Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының алты ауданында ТЖ режимі енгізілгені белгілі болды.