Бүгінде аталған ауылда ұзындығы 8,2 шақырым бөгет салынып жатқаны белгілі.
Абдолла Идресов: Бірлігімізді сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сену қажет
Фото: pricom.kz
509
оқылды

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Абдолла Идресов Еркінқала ауылында бөгет салу жұмысына атсалысып жатыр.

Бүгінде аталған ауылда ұзындығы 8,2 шақырым бөгет салынып жатқаны белгілі. 

«Су тасқынына қарсы тиімді үйлестіру жұмысы жолға қойылды. Мемлекет су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне бар күш-жігерін салып жатыр. Қазіргідей жағдайда бірлігімізді сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сену қажет. Жалған ақпарат таратуға жол берілмейді. Мемлекет пен қоғам бірлесіп, апатқа қарсы тұруы тиіс», – деді Абдолла Идресов.