Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Алматыда жер сілкінісі болды
17,405
оқылды

Бүгін сағат 13.46 шамасында Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен 7 сәуірде Алматы уақытымен сағат  13.46-да жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 шақырым  жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы  – 12.5 MPV магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09°. Тереңдігі – 20 шақырым.(МЅК-64 шкаласы бойынша) Алматыда 2 балл сезілді.