Авиацияның жеке құрамымен 74 адам эвакуацияланып, тасымалданды. Тікұшақпен 7 рейс, әскери көліктік тікұшақпен 2 рейс ұйымдастырылды.
Авиацияның жеке құрамымен 74 адам эвакуацияланып, тасымалданды
245
оқылды

Ми-8 тікұшағының көмегімен 5 адам эвакуацияланды. Си -295 тікұшағымен 33 адам апаттық аймақтардан тасымалданды.Бұл туралы ҚР ҚМ ресми өкілі Жангулин Руслан ОКҚ алаңында мәлім етті, деп жазады Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосымша Қарулы күштерден аймақтардың құтқару жұмыстарына 300-ге тарта жеке құрам және 32 бірлік әскери теxника жұмылдырылып отыр. Олардың дені қазіргі кезде Атырау облысының Құлсары қаласының аумағында жұмыстарды жүргізуде. 

«Негізгі мақсат -осы xалықты эвакуациялау және де апатты аймақтарда құмдарды дайындап, төсеу жұмыстарын ұйымдастыру. Одан бөлек, біздің Қарулы күштердің аумақтық қорғаныс бригадалары қазіргі уақытта Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстан облысында және Батыс қазақстан облысында апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үстінде. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының жеке құрамы  167  жеке құрамын бөле отырып, Қарғалы өзенінің маңында құмдарды дайындау жұмыстары ұйымдастырылды»,-деді спикер. 

Одан бөлек, кешегі күні Қарулы күштердің Қонаев гарнизонынан әскери инженерлер құрамы Ақтөбе облысының Ойыл аумағына келді. Негізгі мақсат –паром өткелдері арқылы ұйымдастырып, халықты эвакуациялау жұмыстарын жүргізу. Қазіргі уақытта осы аумақтан 150 азамат эвакуацияланды. 3 тонна гуманитарлық көмек тасымалданды.