Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.
Тұман түсіп, жел күшейеді: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels.com
1,569
оқылды

"Қазгидромет" РМК  7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде ауа райы құбылмалы болады, көбіне жаңбыр жауады. Жауын-шашын тек республикамыздың солтүстік өңірін айналып өтеді.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Республикамыздың оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады. 

Жауын-шашынсыз ауа райы антициклон ағымы әсерінен тек солтүстік аймақтарда ғана болады. ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. 

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрып, найзағай ойнайды.