Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті.
Атырау облысында тұрғындарды орналастыру үшін 15 мың орын дайындалды
1,385
оқылды

Әкім орынбасарының айтуынша, осы кезге дейін Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша  Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнындағы вахталық кентіне көшірілді, деп жазды Aikyn.kz. 

"Су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын тұрғындар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды",  деді Бисембиев.