Қазір Құлсары қаласының алты шағынауданын қарғын су басты.
Суға кету қаупі бар Құлсары қаласында егіздер дүниеге келді
Фото: Атырау облысы әкімдігі
493
оқылды

Атырау облысы Жылыой аудандық орталық ауруханасында егіз ер бала өмірге келді- деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сәбилер қауіпсіздік мақсатында Бейнеу аудандық ауруханасына жедел жәрдем көлігімен тасымалданды.

Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар – жас ананың төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы – 52 см. Біреуінің салмағы – 3500гр, келесінікі – 3350 гр.

Айта кетейік, қазір Құлсары қаласының алты шағынауданын қарғын су басты. Ал қалған елді мекендердің тұрғындары мүмкіндігінше тасқынның алдын алып, уақытпен санаспай еңбек етіп жатыр.

Құлсарының Береке шағынауданының тұрғындары жаға бекітіп, бөгет тұрғызды. Айтуларынша, Құр Жем өзені арнасынан асып, бір сағатта 30 см-ге жылжып келеді. 3 шақырым бөгет соғылып, 1000-нан астам қапшыққа құм салынды. Жұмыстарға 50 тұрғын мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Құлсары қаласында 500 үйді тасқын су басып, 2400 адам көшірілгені туралы жазған болатынбыз.