Қарағанды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы баланың мәйіті табылған.
Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды
592
оқылды

Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Қылмыс Бұқар жырау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы баланың мәйіті табылған.

Ауыл тұрғындары анасы балаларын тұншықтырып өлтіргенін айтады. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны беймәлім.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды»,  деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын айтты.