Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды
340
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Үргеніш қаласының әуежайында Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев қарсы алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізетінін хабарлаған болатынбыз.