Компания мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтарудың 124 056 фактісі анықталды.
Астанада жолаушы автобуста бақылаушыны ұрды
4,077
оқылды

Астанада қоғамдық көліктердің бірінде жолаушы контролерді ұрды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

CTS компаниясы оқиғаның видеосын жариялап, тұрғындардан көлік қызметкерлерінің жұмысына құрметпен қарауға шақырды.

CTS Көлік бақылау департаменті және Тасымалдаушылардың бақылау-желілік қызметі қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетуді және олардың өз лауазымдық міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуді сұраймыз, - делінген мәліметте.

Компания мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтарудың 124 056 фактісі анықталды, оның ішінде Астана қаласы ПД қызметкерлері 5 614 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, жалпы сомасы 41 453 776 теңгеге айыппұл салынды.