Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі нәтижесінде Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесін су шайды.
Астана маңындағы Талапкер елді мекенінде су тасып жатыр
Фото: ТЖМ
3,913
оқылды

Астана маңындағы Талапкер елді мекенін су шайып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ТЖМ қызметкерлері қапшықтарды жерге төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

«Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі нәтижесінде Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесі шайылып кетті. Осы минуттарда ТЖМ күштерімен қапшықтарды екпінді жерге төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құтқарушылардың нұсқауларын орындауды сұраймыз», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.