Әнші жариялаған суретте «Мақпал тағы да масқара болды» деген жазуды көруге болады.
«Бетсіздер»: Мақпал Жүнісова желіде өзі туралы жалған ақпарат таратқандарға арыз жазатынын айтты
Фото: almaty.tv
1,476
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандардың үстінен арыз жазатынын айтып, жазба жариялады.

 «Осындай неше түрлі тақырып жазып, менің намысымды таптап жүрген бетсіздерге жақын арада арыз жазамын. 50 млн теңгеге дейін штраф төлетіп, сол ақшаны қиналған жандарға береді. Осылай жазып, YouTube-қа салған адамның жазасын Алла берсін», – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Әнші жариялаған суретте «Мақпал тағы да масқара болды» деген жазуды көруге болады. Видеода Мақпал Жүнісова мен Ермахан Ибраимов арасында құпия байланыс болғаны жазылған.

Желі қолданушылары әншіге істі соңына дейін жеткізуге кеңес берсе, енді бірі оған мән берудің қажеті жоқ екенін айтқан.