Ермек Алпысов Қайрақты және Ақсу тұрғындарымен де кездесті.
Шет ауданындағы қарғын судан зардап шеккендерге көмек беріледі
323
оқылды

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Шет ауданында ТЖ жою жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. 

Қазіргі уақытта комиссия су тасқынынан болған залалды бағалап жатыр. Шет ауданындағы су тасқынынан барлығы 41 үй зардап шекті. 

Қазір комиссия Ақсу және Қайрақты ауылдарында жұмысын аяқтап жатыр. Келесі кезекте Деріпсал және Красная Поляна. Мүлік шығынын есептеумен қатар үйлердің техникалық жағдайы да анықталады. 

Ермек Алпысов Қайрақты және Ақсу тұрғындарымен де кездесті. Ол қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, әрқайсысына көмек көрсетілетінін тағы да атап өтті.

– Комиссияға залалды бағалауды мүмкіндігінше жедел жүргізуі үшін тапсырма бердім. Әкімдік қазір тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сенім телефоны құрылды. Біз барлық зардап шеккендерге міндетті түрде көмектесеміз, – деді Ермек Алпысов.

Cу  басқан ауылдарға облыстық «Әнет баба» мешітінен, «Өрлеу «БАҰО» Қарағанды облысы бойынша кәсіптік даму институты» АҚ филиалынан, «Шығыс» базарынан және Динара Сәтжаннан гуманитарлық көмек жеткізілді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ