1978 жылы Түркістан облысында дүниеге келген Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.
СҚО-ға су тасқынынан елді құтқаруға барған түркістандық азамат қайтыс болды
Фото: Түркістан облысы ТЖД
724
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы күресуге жіберілген 46 жастағы түркістандық құтқарушы қайтыс болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

1978  жылы Түркістан облысында дүниеге келген Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.

«Ол 1 сәуірде Түркістан облысынан жіберілген. Осы күні кешке Балданов ауырып, Тайынша аудандық ауруханасына жеткізілген. Сол жерден оны санитарлық авиация бортымен Петропавлдағы ауруханаға жеткізу жоспарланған. Алайда 2 сәуірге қараған түні 1978 жылы туған Бекжан Балданов жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер оның өліміне миокард инфаркты себеп болғанын айтты»,  деп хабарлайды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.