Шымкент қалалық мәсли­хатының «AMANAT» пар­тиясы фракциясының депутаттары Батыс Қазақстан облысын­дағы су тасқынынан зардап шеккен тұр­ғын­дарға гума­нитарлық көмек жөнелтуде.
Қол ұшын созу – азаматтық парыз
476
оқылды

Жүк көлігіне тиелген көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұ­мыс­тарына қажетті заттар­мен қоса, азық-түлік өнім­дері де тиеліп жолға шықты. 

Депутаттар жапа шеккен адам­­­­­дарға көмек көрсету мақ­са­тында қаражат жинау тура­лы ше­шім қабылдады. Сон­дай-ақ шым­кент­тік «Жастар Рухы­ның» бел­сен­ділері су тас­қыны болған ай­мақтарға барып, көмек көр­сетеді. 

Өз кезегінде «AMANAT» пар­­­тиясы Шымкент қалалық филиа­лының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қиын­дыққа тап бол­­ған азаматтарға көмек көр­сету аза­маттық па­рыз екенін атап өтті.

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біз әрдайым бір-бірімізге қамқор, тілеулес бола білген халықпыз. Су тас­қы­нынан зардап шеккен ағайынға гумани­тарлық кө­мек қолын созу­ды аза­маттық пар­ызымыз деп білемін. Қа­йы­рымды іске кәсіпкерлер, халық қалаулылары қолдау көрсетіп жатыр, – деді Бахадыр Нарымбетов.

Көмек қолын созу жұмыс­тары осымен тоқтап қалмай­ды. Алдағы күндері халық қа­лау­лылары мүм­кіндігінше тағы да қор жинап, тас­қын­нан зардап шеккен аза­мат­­тарға қосымша қолдау бола­тын­дығын айтып отыр.