Түркістан облысының жұртшылығы үй-жайларын су басқан Ақтөбе, Қостанай өңірлерінің тұрғындарына көмек қолын созып, зардап шеккен азаматтарға қолдау көр­сетуде.
Гуманитарлық көмек жіберді
536
оқылды

Қоғам белсенділерінің және волонтерлердің бастамасымен облыс аумағындағы 17 ауданда, сондай-ақ Түркістан қаласында гуманитарлық көмек жинау бекеттері ашылды.

Жанашырлық танытқан аза­маттар гума­нитарлық көмек жинау бекеттеріне киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік тауар­ла­рын тапсыруда. Волон­­терлік ұйым­дардың өкілдері тауар тасу­ға арналған автокөліктерді қо­ғам­дық орын­дарға қойып, кө­мек беремін деген аза­маттарға ба­рынша қолайлы жағдай жаса­ды. 

Бірлігі жарасқан елдің жана­шырлығы сыналатын шақта жергілікті әкімдіктер мен мәс­ли­хаттар, депутаттар, партиялас­тар, бюд­жеттік және азаматтық ұйымдардың өкілдері, дін қыз­меткерлері, жастар тарапы бел­сенділік танытып, халықтың күші бірлікте екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.  

Қарғын судан зардап шеккен ауылдарға, ең алдымен Мақта­арал жұртшылығынан жи­налған көмек керуені жолға шықты. Жақ­сы­лық жасауға асыққан мақ­тааралдықтар Ақтөбе облы­сындағы су басқан аумақтардың тұрғындарына азық-түлік өнім­дерімен бірге жылы киімдер, төсеніштер, күнделікті тұр­мысқа қажетті тауарларды жіберді. 

Облыс аумағындағы қала және аудан тұр­ғын­дарынан жи­налған гуманитарлық кө­мекті Түркістан өңіріндегі «Жастар ресурстық орта­лы­ғында» құрыл­ған штаб үйлестіріп, әр өңірге жөнелтеді. Волонтерлер мен бел­сенді жастар, «AMANAT» пар­тиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының өкіл­дері 30 тоннаға жуық гумани­тар­лық көмекті жүк көлігіне тиеді. Аталған керуенді шығарып салу­­ға жастар ұйым­да­рының жетек­шілері мен белсенділері жи­налды.

Түркістандық гуманитарлық керуенге сәт-сапар тілеген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төра­ғасы Алтынсары Үмбетәлиев халқымыздың «Қол жұмылмай, жылынбайды» деген аталы сөзін мысалға кел­тіре отырып, ел ба­сына күн туған қиын сәтте бел­сен­ді азаматтарымыз көмек қолын созып жатқанын мәлім­деді. Сонымен қатар ол қайы­рым­дылық іс-шарасына депу­тат­тар мен партия еріктілері де атсалысып жатқанын атап өтті. Депутат өз сөзінде жастардың аза­маттық белсенділігіне риза­шы­лығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ партияның өңір­лік филиалы­ның ұжымы тасқын судан зардап шеккен отбасы­ларға көмек көрсету ниетімен бір күн­дік жалақысын арнайы қорға аударуды ұйғарды.