Өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапты.
СҚО-да үй өртеніп, екі бала қайтыс болды
Фото: СҚО ТЖД
520
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, оқиға орнынан екі баланың денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» қызметіне 1 сәуір күні сағат 10.11 минут кеткенде Есіл ауданындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түседі.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапты.

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.