Мамыр айында үш мемлекеттік мереке бар.
Қазақстан халқы мамыр айында неше күн демалады?
Фото: yandex.kz
17,833
оқылды

Қазақстан халқы мамыр айында үш мерекені атап өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Қазақстандықтардың демалысы туралы eGov.kz сайтындағы 2024 жылға арналған мерекелер күнтізбесінде көрсетілген.

Қазақстандықтар мамыр айында үш мемлекеттік мерекені тойлайды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

Осылайша, жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады: бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс.

Алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс.