Автокөлік қозғалысы шектелді.
Қызылқоғада тасқын су автожолдарды шайып жатыр
Фото: azh.kz
1,144
оқылды

Қызылқоғада «Миялы-Қарабау-Индер» облыстық маңызы бар тасжолын тасқын су шайып кетті.

«Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, облыстық маңызы бар «Сағыз-Миялы-Индер» тасжолының Миялы ауылынан 4 шақырым қашықтықтағы Миялы-Сағыз бойындағы тасжолдың үстінен су жүріп кетуіне байланысты, 31 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап көлік қозғалысы тоқтады. Қазіргі уақытта 1 моторлы қайықпен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін аралықта тұрғындарды тасымалдау ұйымдастырылып жатыр»,  делінген хабарламада.

Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» облыстық маңызы бар тасжолды тасқын су шайып кетті. Әзірге облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 10 Камаз, 2 погрузчик техникаларымен уақытша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» тасжолының Жасқайрат ауылынан 2 шақырым қашықтықтағы «Жалаңаш көл» тұсындағы тасжолдың үстінен Ойыл өзенінің жайылмаға шыққан тасқын суы жүрді. Су шайған жердің ұзындығы 120-130 метр шамасында. Автокөлік қозғалысы шектелді.

Қызыл судан жырылған тасжолдар жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА