Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта – көктайғақ, батыста шаңды дауыл күтіледі.
Тұман, көктайғақ, дауыл: 3 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: egemen.kz
839
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 3 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Антициклон Қазақстанның батыс бөлігіне әсер етіп жатыр, сол себепті  жауын-шашын күтілмейді.  Республикамыздың шығыс жатысынан фронтальды аймақтың әсерінде, сол себепті жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта – көктайғақ, батыста шаңды дауыл күтіледі.