Техногенді апаттар әлем елдерінде жиілеп барады. Бұған адамның қоршаған ортаға деген немқұрайды көзқарасы, табиғи тепе-теңдікті сақтамау сияқты әрекеттер себеп болуда.
Әлемдегі ең ірі су бөгеттеріндегі апат
Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау апатты болдырмаудың жолы. Фото Office of Assemblyman Brian Dahle сайтынан алынды. Авторы: Josh F.W.
1,328
оқылды

Биылғы қардың қалың болуынан еліміздің 10 аймағындағы бірнеше елді мекенді су басты, бөгеттерде апаттық жағдайлар болды. Aikyn.kz әлемдегі су бөгеттерінің апатын болған оқиғалар тізбегін forbes.ru сайтында жарияланған мәліметтер негізінде талдайды.

Судың қысымы да жойқын апаттар туғыза алады. Фото YouTube.com платформасындағы @madmouse8553 каналынан алынды

АҚШ-тағы ең биік бөгетте (230 м) – Калифорниядағы Оровилл су қоймасының бұзылу қаупіне байланысты төтенше жағдай туындады. 2017 жылдың 13 ақпанында штаттың билігі төменгі Калифорнияда су басуы мүмкін бірнеше ауданнан 188 мың адамды эвакуациялады. Штат губернаторы Джерри Браун төтенше жағдай жариялап, АҚШ президенті Дональд Трамптан федералды көмек сұрады. Метеорологтердің мәліметінше, бөгет аймағында жауын алдағы екі күнде де жалғасады. Осыған ұқсас жағдайлар Forbes галереясында бар.Апаттан кейінгі Оровилл плотинасы. Фото California Department of Water Resource сайтынан алынды

Оровилл бөгеті 1960 жылдардың соңында Рональд Рейган Калифорнияның губернаторы болған кезде салынған. 2005 жылы экологтер бөгеттің резервтік төгіндісін пайдалану үлкен апатқа әкелуі мүмкін екенін ескерткен. Мемлекеттік билік 2008 жылы алаңдауға негіз жоқ деп сендірген. 2017 жылдың 11 ақпанында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан су қоймасы арнасынан асып, апатты дренаждық канал шайылып, үлкен сай пайда болады, су бөгетінің басынан аңғарға құйылған. Адам шығыны болмаған.Жаңа Орлеандағы су тасқыны. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Vincent Laforet

2015 жылдың тамыз айында АҚШ-тың Луизиана штатында «Катрина» дауылы соқты. Оның ошағы үш жағынан сумен қоршалған Жаңа Орлеанда болды. Су бөгеттері бұзылып, қаланың 80 пайызы су астында қалды. Билік тұрғындарды эвакуациялады, бірақ қалада 10 мыңға жуық адам қалып қойып, 1 500-ге жуық адам су тасқынының құрбаны болды.Саян-Шушенск су электр стансасындағы өндірістік техногендік апат. Фото sneg.tv сайтынан алынды

2009 жылы 17 тамызда Красноярск өлкесіндегі Енисей өзеніндегі Саян-Шушенск су электр стансасында өндірістік техногендік апат болды. Гидравликалық қондырғының бұзылуы нәтижесінде оның білігіне күшті су ағыны құйылды. Су электр стансасының турбина бөлмесі мен барлық гидроагрегаттарын су басып, жұмыс істеп тұрған гидрогенераторларда қысқа тұйықталулар болған. 75 адам қайтыс болды.

Қытайдың шығысындағы Фухэ өзеніндегі апат. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Aly Song

2010 жылы маусымда қатты жауған жаңбырдың салдарынан Қытайдың шығысындағы Фухэ өзенінде бөгет бұзылды. Билік бұзылған аймақтан 100 мыңға жуық адамды эвакуациялады. 200-ге жуық адам қайтыс болды.

Адамдар апат аймағынан өз бетімен қашуға әрекеттенген. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Adrees Latif

Пәкістанның оңтүстігіндегі Инд өзеніндегі бөгет 2010 жылы 5 тамызда бұзылды. Бір күн бұрын билік 300 мыңға жуық адамды эвакуациялап үлгерді. Апат болған күні ондаған мың адам апат аймағынан өз бетімен қашуға әрекеттенген. 1 700 адам қайтыс болды.

Өзеніндегі бөгеттен тасыған су 59 адамды шайып кеткен. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: China Daily

2011 жылы 1 қыркүйекте Қытайдың шығысындағы Цянтан өзеніндегі бөгет бұзылды. Содан кейін мыңдаған туристер толқынды тамашалау үшін бөгетке жиналды. Алып толқын құрылымды басып өтіп, көптеген көрерменді шайып кетті. 59 адам қайтыс болды.

Әлемдегі ең ірі апаттардың видеосы төменде:2010 жылдың 11 наурызында Қызылағаштағы бөгеттің бұзылуы Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқынының бірі болды. Апат наурыздың 11-нен 12-не қараған түні 12 сағат 37 минутта 3 мың тұрғыны бар Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының жоғары жағында болды.

Қардың қарқынды еруі, толассыз жауған жаңбыр, сондай-ақ жергілікті биліктің немқұрайдылығы Қызылағаш су қоймасы бөгетінің жарылуына әкелді. Қызылағаш су қоймасы жекеменшіктің қолында болған. Су қоймасының қожайындары жазға егістік суғаруға суды көбірек жинағылары келіп, судың деңгейін ескермеген. 

Қызылағаштағы жаңа өмір. Фото panoramio сайтынан алынды

Салдарынан биіктігі 2 метрлік толқын Қызылағаш ауылын басып қалған, 45 адам қаза тапқан, оның ішінде 10 ұл және 5 қыз бала бар. 300 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алып, 2 000-ға жуық адам эвакуацияланған. 146 үйді су шайып кеткен, 251 үй қирап, 42-сі бұзылған. Сол кездегі Қазақстан билігі қаза тапқан әрбір адам үшін 500 мың теңге (3,4 мың доллар) төлеп, қираған, жарамсыз болған баспананың орнына жаңасын салып берген.

Мүлікті орнына келтіруге болар, бірақ адамдарды қайтара алмаймыз. Сондықтан апаттың алдын алу адам өмірін сақтаудың ең тиімді жолы екенін жоғарыда біз келтірген мысалдардан көреміз.