Жасанды интеллект смартфондар мен смарт сағаттардан бастап, тұрмыстық техникада қолданыла бастады. Samsung компаниясы болса өзінің Bixby көмекшісіне генеративті жасанды интеллекті қосуды ойластыруда.
Samsung ең ақылды смартфонға айналды: дауыстық көмекшіге ЖИ қосылады
Samsung өнімдері ЖИ-дің жетілдірілген мүмкіндіктерімен жабдықталады. Фото cnbc.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
1,038
оқылды

Samsung компаниясының басшысы CNBC-ге Bixby дауыстық көмекшісіне генеративті жасанды интеллект технологиясын қосуы мүмкін екенін хабарлаған. Осы материалға сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz корейлік өндірушінің смартфондары қалай өзгеретінін түсіндіреді.

Bixby-ге генеративті ЖИ технологиясы қосылды. Фото commons.wikimedia.org сайтынан алынды. Авторы: Karlis Dambrans

Жаңа технологиялық үрдістен сырт қалғысы келмеген Samsung өз құрылғыларын жасанды интеллектің жетілдірілген мүмкіндіктерімен жинақтауды бастады. Енді компания Bixby дауыстық көмекшісіне генеративті жасанды интеллект технологиясын қосып, өз құрылғыларының тартымдылығын кеңейтуді мақсат еткен.

Bixby алғаш рет 2017 жылы Samsung Galaxy S8 смартфонымен шығарылды. Бағдарламалық құрал көптеген мүмкіндіктерді, соның ішінде тікелей трансляция ұйымдастырады, мейрамхана мен басқа объектілерді тауып, пайдаланушының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Бірақ дауыстық көмекшілер әдетте аз сөйлеседі және пайдаланушылардың сұрақтарына ғана жауаптар береді.

ЖИ смартфондар мен смарт сағаттардан бастап тұрмыстық техникада қолданылады. Фото samsung.com сайтынан алынды

2022 жылы OpenAI-дің чат-боты ChatGPT өмірге келген соң бәрі тез өзгерді. Чат-боттар жетілдіріліп, әлдеқайда күрделі сұрауларды өңдеуге қабілетті бола бастады. Жаңа буын чат-боттар пайдаланушылардың күрделі тапсырыстарын орындайды, жауаптарын мәтін, сурет және видео түрінде жасай алады. 

Samsung компаниясы Bixby виртуалды көмекшісін смартфондар мен смарт сағаттардан бастап, тұрмыстық техникаға дейінгі өздерінің барлық өнімдерінде қолданады. Компания оны пайдаланушыларға үйдегі құрылғыларын басқаруға мүмкіндік беретін негізгі құрал ретінде қарастыруда. Бірақ осы уақытқа дейін Bixby-де ChatGPT мүмкіндіктері болмаған.

Көптеген смартфон өндірушілері сияқты, Samsung өз құрылғыларын жасанды интеллектің жетілдірілген мүмкіндіктерімен жабдықтай бастаған сияқты. Компания жаңа Galaxy AI мүмкіндіктерін және смартфондардың соңғы S24 сериясын таныстырды. Бұл пайдаланушыларға қолданбаларды ауыстырмай-ақ экранындағы суретті немесе мәтінді сызып, қоршап, оны Google-да іздеуге мүмкіндік беретін опция енгізген.

Технологиялық алпауыт өзінің жасанды интеллектін Bixby көмегімен арттырғысы келеді. «Bixby мобильді құрылғылар үшін ғана емес, сонымен қатар Samsung экожүйесінде бар теледидарлар мен цифрлық құрылғылар үшін де Samsung компаниясының негізгі дауыстық көмекшісі болды. Ол негізгі дауыстық көмекшіге айналды», – деп мәлімдеді Samsung мобильді бизнесінің атқарушы вице-президенті Вон Джун Чой CNBC-ге берген сұхбатында.

«Генеративті ЖИ технологиясы мен LLM (үлкен тіл үлгісі) пайда болған кезде, мен Bixby генеративті ЖИ-мен жабдықталып, болашақта ақылдырақ болуы үшін Bixby рөлін қайта анықтауымыз керек деп ойлаймын», – дейді Чой.

Чой Bixby генеративті ЖИ мүмкіндіктерін қашан алатыны туралы уақыт кестесін бермеді, бірақ Samsung оларды енгізу үшін «өте көп жұмыс істеп жатыр» деді.

Дәл осы айларда әлем инвесторлары генеративті жасанды интеллект саласында Apple не ұсынатынын мұқият зерттеп жатыр. Apple компаниясы өзінің жыл сайынғы WWDC конференциясын маусым айында өткізетінін хабарлады. Сол кезде компания өз өнімдерінде жасанды интеллектің кейбір мүмкіндіктерін ашады деп күтілуде. Samsung та өз бәсекелесінің жаңа шешімдерін күтіп отыр.