5 облыста (Абай, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстары) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 980 метр болатын су тасқыны болды.
Бес облыста республикалық жол жабылды
Фото: uralskweek.kz
600
оқылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өңірлердегі су тасқынына байланысты бес облыстағы республикалық жолда қозғалыс шектелгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2024 жылғы 1 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күн жылынып, қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Абай, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстары) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 980 метр болатын су тасқыны болды. Сондай-ақ онда 5 облыстағы республикалық маңызы бар 6 автомобиль жолында (ұзындығы 410 км) қозғалысқа шектеу қойылды», – делінген компания хабарламасында.

Қазір республикалық жолдарда 599 техника мен 1503 адам жұмыс істеп жатыр. «ҚазАвтоЖол» мамандары су алған жолдарда қозғалысты қалыпқа келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.