Қазақстан бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста – көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел күшеюі күтіледі.
"Тұман, көктайғақ, жел": 2 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
1,759
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, –деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін болады. Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста – көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел күшеюі күтіледі.