Министрдің айтуынша, су тасқыны кезеңдері оның жеке бақылауында.
Төтенше жағдайлар министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
113
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.

"Кешеден бері Арқалық қаласының іргесіндегі қыстаулардан тұрғындар эвакуацияланды. Жұмысқа төтенше жағдайлар министрлігі мен қорғаныс министрлігінің ұшақтары жұмылдырылды. Су тасқынын жою және адамдарды құтқару жөнінде толық ақпарат береміз. Біздің Telegram-арнамызда тәулік бойы жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы биліктің хабарлауынша, келтірілген шығын мен оның орнын толтыру жұмыстары жүргізілетін болады", – деді Әрінов.

Еске салсақ, Орал қаласында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.