Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III топтағы мүгедектегі бар азаматтар көшіріледі.
Атырау облысы Миялы ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды
Фото: Атырау облысы ТЖД
2,633
оқылды

Төтенше жағдай жарияланған Қызылқоға ауданына құтқарушылар жіберіліп жатыр. Қазіргі уақытта Миялы ауылында тұрғындарды эвакуациялау басталып кетті.

«Қызылқоға ауданында су басу қаупінің болуына, Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 2024 жылғы 31 наурызда сағ.19:15-те Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары (60 қызметкер, 5 техника) көмек көрсету үшін Қызылқоға ауданына жіберілді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта Миялы ауылының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа эвакуациялау  басталды.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін «Жаңа арна» мекемесіне, аудандық әкімдігі ғимаратына және «Арман» мәдениет үйіне жиналып жатыр. Сол жерде тасымалдау үшін арнайы көліктер қойылған.

Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III топтағы мүгедектегі бар азаматтар көшіріледі.  Жергілікті тұрғындар  Ы.Шөреков атындағы орта мектеп-гимназиясына, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектебіне, «Нұр-Шуақ» бала-бақшасына эвакуацияланады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА