Кеше Ойыл ауданындағы екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.
Ақтөбе облысында 753 үй мен 10 әлеуметтік нысан суға кетті
Фото: ТЖМ
537
оқылды

Ақтөбе облысында 753 үй мен 10 әлеуметтік нысан суға кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, 6900-ден астам адам қауіпсіз орындарға көшірілді. Бұған дейін аймақтағы 10 өзен тасып, 5 аудан мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланған еді. 

Кеше Ойыл ауданындағы екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. 

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысына барып, жауапты тұлғаларға тапсырма берген болатын.