Бұл оның UFC лигасындағы екінші жеңісі.
Нұрсұлтан есімді өзбек файтері америкалық қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді
674
оқылды

UFC-де орта салмақта өнер көрсетіп жүрген өзбекстандық файтер Нурсултон Рузибоев америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бірінші бол" сайтының жазуынша, Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) өткен турнирде өзбек спортшысы америкалық Седрик Дюмамен октагонға шыққан. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Нурсултон алдымен апперкот соққысымен қарсыласын ұрып құлатып, артынша жерде жатқан қарсыласына соққыларын жаудырды. Төреші төбелесті уақытынан бұрын тоқтатты.

Айта кетейік, Нурсултон Рузибоев UFC-де былтырдан бері өнер көрсетіп келеді.