Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу – ең басты парыз.
«Бірлігімізді көрсетейік, ағайын!»: Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды
Фото: instagram.com/ kudaibergenov.dimash
21,208
оқылды

Әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген су басқан өңірлердегі зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші көптеген отбасының баспанасы тұруға жарамсыз болып қалғанын, қиналғанға қол ұшын созу парыз екенін атап өтті.

«Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірлерінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елді мекендерді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен. Мұның себеп, салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар. Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу – ең басты парыз. «От пен су – тілсіз жау», қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын!»,  деп  жазды Димаш Құдайберген.